Мектепішілік кәсіби қауымдастықта білім мен тәрбие үдерісін жетілдірудегі педагогикалық зерттеу
2026 жылдың 5 мамыр күні мектепішілік «Оқыту мен тәрбиедегі кедергілер: шешімдер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбындағы жылдық қорытынды семинар өткізілді.
Оқу жылы барысында мектепте 17 сыныпта зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Мұғалімдер тек үлгерімі төмен немесе білім сапасы әлсіз сыныптарға ғана назар аудармай, жалпы оқу мен тәрбие үдерісінде кездесетін кедергілерді анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруге бағытталған жұмыстар атқарды.
Lesson Study және Action Research тәсілдері арқылы педагогтер оқушылардың оқу белсенділігі, қарым-қатынас мәдениеті, сыни ойлауы, жазылым және айтылым дағдылары сияқты маңызды бағыттарды зерттеп, тәжірибеде тиімді әдіс-тәсілдерді сынақтан өткізді.
Атап айтқанда:
• 3 «Ә» сыныбында Тұрсынова Ләззат Алдабергенқызы оқушылардың белсенді оқу әрекетін қалыптастыру, сыни ойлау және бірлескен жұмыс дағдыларын дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізді.
• 2 «Ғ» сыныбында Иман Гүлжамилә Молдабекқызы әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушылардың сауатты, түсініп әрі мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізді.
• 7 «И» сыныбында Абдихаева Майра Камаровна сыныптағы тәртіп пен оқу белсенділігін арттыру жолдарын зерттеп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарды.
• 6 «В» сыныбында Серікова Бибінұр Бейбітқызы оқушылардың ауызша түсіндіру және дәлелдеу дағдыларын дамытуға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізді.
• 5 «И» сыныбында Ахметова Меруерт Базарбаевна көптілді ортада дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, соның ішінде буын, интонация және сөз тіркестерін дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіруге басымдық берді.
• 7 «Ә» сыныбында Генжегулова Алима Есенкосовна оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту, сауатты жазу және өз ойын жазбаша жүйелі жеткізу бағытында тиімді әдістерді қолданды.
Зерттеу топтары өздерінің зерттеу сұрақтары аясында нәтижелі жұмыстар жүргізіп, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тиімді тәжірибелер қалыптастырды. Жүргізілген жұмыстар педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, білім беру сапасын арттыруға оң ықпалын тигізді.
Семинар барысында зерттеу топтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, Lesson Study және Action Research аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Педагогтер оқытудағы кедергілерді анықтау мен оны шешудің тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасып, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған озық тәжірибелерді ортаға салды.
Құжаттама
| Аты | Түрі мен өлшемі | |
|---|---|---|
| семинар баяндамасы-1 | Қараңыз Жүктеу | |
| мектепішілік семинар бағдарламасы | Қараңыз Жүктеу | |
| Жасампаз жоспар 2025-2026 | Қараңыз Жүктеу | |
| Қараңыз Жүктеу |
