Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бұл бөлімде мектептің әлеуметтік педагогы жүргізетін жұмыстар, мемлекеттік қызметтер және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша барлық өзекті ақпарат топтастырылған.

Мақсаты:  оқушылардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және тәрбиелік  — профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру.

«Әлеуметтік педагог бұрышы» арқылы ата -аналар мен оқушылар:

  • Әлеуметтік көмектер мен мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет алады;
  • лагерь мен тегін тамақтану жайлы ақпаратпен танысады;
  • әлеуметтік – тәрбиелік іс- шаралардың жоспарлары мен нәтижелерін көреді;
  • пайдалы кеңестер мен байланыс деректерін таба алады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Әлеуметтік педагог: Кулжабекова Сая Ондасыновна

Қабылдау уақыты:

  • Дүйсенбі — 09:00–13:00
  • Сейсенбі— 09:00–13:00
  • Сәрсенбі— 09:00–13:00
  • Бейсенбі — 09:00–13:00

Байланыс:
📞 +7 (776) 706 11 81
📧 saya_81k@mail.ru

МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ:

Оқушылардың әлеуметтік қорғалуы мен бейімделуін және құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

Аз қамтылған және тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету;

Оқушылардың тегін тамақтануын, жазғы демалыс лагерін, және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік қызметтерді үйлестіру, және әлеуметтік акцияларды ұйымдастыру;

Оқушылар мен ата – аналарға әлеуметтік  — психологиялық кеңес беру;

Мектептегі профилактикалық және қамқорлық жұмыстарын үйлестіру.

 

ҚЫЗМЕТ ҰСТАНЫМЫ:

«Әр бала — қоғамның болашағы. Әр баланың қауіпсіздігі мен амандығы — біздің басты міндетіміз»