Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Олимпиада – білім мен дарын бәйгесі

2025–2026 оқу жылында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Мектепішілік олимпиада кезеңіне жалпы **238 оқушы** қатысып, олардың арасынан үздік нәтиже көрсеткен **43 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды**. Нәтижесінде, оқушыларымыз білім мен бәсекеге толы додада өздерінің терең білімін, жан-жақты дайындығын дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды.

🏆 **І орын иегерлері:**

* Жетпісбай Зере — Орыс тілі мен әдебиеті (Т1)
* Әділқызы Амира — Орыс тілі мен әдебиеті (Т1)
* Ернұрқызы Еркеназ — Қазақ тілі мен әдебиеті (Т1)

🥈 **ІІ орын иегерлері:**

* Амангелді Мерей — Қазақ тілі мен әдебиеті (Т1)
* Қалжігіт Нурислам — Информатика
* Құрманғазықызы Дина — Қазақ тілі мен әдебиеті (Т1)

🥉 **ІІІ орын иегерлері:**

* Оразов Ерсайын — Физика
* Фазил Мөлдір — Биология
* Садовникова Андрей — География
* Нұрлан Кәусар — Ағылшын тілі
* Егоров Серик — Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)
* Ермухамбетов Ернар — Қазақстан тарихы
* Сатыбалды Асел — Қазақстан тарихы
* Ермекбаева Тұмарым — Құқық негіздері
* Ғисса Айару — Орыс тілі мен әдебиеті (Т2)

📜 **Грамота иегерлері:**

* Аймаханбет Райана — Қазақ тілі мен әдебиеті (Т1)
* Амиржанова Малика — Математика
* Сыздық Кәусар — Ағылшын тілі
* Серікова Айым — Математика

Сонымен қатар, аудандық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық кезеңге жолдама алып, өз жетістіктерін жалғастырды.

🌟 **Қалалық кезең нәтижелері:**

* Ернұрқызы Еркеназ — І орын
* Құрманғазықызы Дина — ІІІ орын
* Ғисса Айару — ІІІ орын
* Жетпісбай Зере — Грамота

Оқушылардың жоғары нәтижеге жетуіне жетекшілік еткен ұстаздардың еңбегі зор. Білім мен ғылым жолында шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, кәсіби қолдау көрсеткен ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз.

Бұл жетістіктер — оқушылардың табанды еңбегі мен ұстаздардың сапалы білім беруінің нәтижесі. Мектебіміздің дарынды оқушыларына алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! 🌟