Бұл бөлімде мектептің әлеуметтік педагогы жүргізетін жұмыстар, мемлекеттік қызметтер және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша барлық өзекті ақпарат топтастырылған.
Мақсаты: оқушылардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және тәрбиелік — профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру.
«Әлеуметтік педагог бұрышы» арқылы ата -аналар мен оқушылар:
- Әлеуметтік көмектер мен мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет алады;
- лагерь мен тегін тамақтану жайлы ақпаратпен танысады;
- әлеуметтік – тәрбиелік іс- шаралардың жоспарлары мен нәтижелерін көреді;
- пайдалы кеңестер мен байланыс деректерін таба алады.
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Әлеуметтік педагог: Кулжабекова Сая Ондасыновна
Қабылдау уақыты:
- Дүйсенбі — 09:00–13:00
- Сейсенбі— 09:00–13:00
- Сәрсенбі— 09:00–13:00
- Бейсенбі — 09:00–13:00
Байланыс:
📞 +7 (776) 706 11 81
📧 saya_81k@mail.ru
МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ:
Оқушылардың әлеуметтік қорғалуы мен бейімделуін және құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
Аз қамтылған және тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету;
Оқушылардың тегін тамақтануын, жазғы демалыс лагерін, және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік қызметтерді үйлестіру, және әлеуметтік акцияларды ұйымдастыру;
Оқушылар мен ата – аналарға әлеуметтік — психологиялық кеңес беру;
Мектептегі профилактикалық және қамқорлық жұмыстарын үйлестіру.
ҚЫЗМЕТ ҰСТАНЫМЫ:
«Әр бала — қоғамның болашағы. Әр баланың қауіпсіздігі мен амандығы — біздің басты міндетіміз»
