Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«JasSkills Astana – 2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты

2026 жылғы 22 мамыр күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Құрылыс-техникалық колледжі базасында білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша «JasSkills Astana – 2026» қалалық чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа мектебіміздің оқушысы Нақышбаев Сымбат Саматұлы қатысып, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, І дәрежелі дипломмен, алтын медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 🥇

Оқушының жетекшісі — суретте көрсетілген сарапшы, кәсіби маман Айткулов Рахметулла Пернебаевич.

Жеңімпазды марапаттау рәсімі Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өтті. Марапатты Астана қаласы Білім басқармасының басшысы табыстады.

Мектебіміздің абыройын асқақтатқан Сымбат Саматұлын және жетекшісі Рахметулла Пернебаевичті шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!