Жумаханов Каирлы Калибекович
Виртуальная приемная
Қабылдауға жазылу
Астана қаласы әкімдігінің “№112 жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі/Жаңалықтар/*»Балақай мектебі» мектепалды даярлық тобының 3-күні * Бүгін «Балақай мектебі» мектепалды даярлық тобының оқушылары білімге қызығушылық танытып, түрлі бағыттағы оқу іс-әрекеттеріне белсене қатысты. Сауат ашу сабағында балалар әріп элементтерін дұрыс әрі көркем жазуға жаттықты. Сонымен қатар сөздерді буынға бөліп оқуды үйренді. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен тілдік қорын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Математика сабағында балалар сандардың элементтерін жазу жұмыстарын орындады. Сондай-ақ заттарды салыстырып, олардың артық және кем жақтарын анықтауды үйренді. Қоршаған ортамен танысу іс-әрекетінде балалар табиғат құбылыстары мен қоршаған орта туралы білімдерін толықтырды. Сабақ соңында таза ауада серуенге шығып, ауладағы табиғат көріністерін бақылап, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылықтарын арттырды.
